LG NeoChef™ микротолқынды пеште тағамды қалай тез дайындауға болады??

LG NeoChef™ микротолқынды пеште тағамды қалай тез дайындауға болады??

29/07/2024

Қазіргі қарбалас өмірде ас әзірлеу кейде күш пен уақытты көп талап ететін күнделікті күйбеңге айналып кетеді. Сондықтан микротолқынды пештер - кез келген асүйдің сенімді серігі. Олар ыңғайлы, жылдам әрі әмбебап. Ал LG NeoChef™ көмегімен тек тамақты қыздырып қана қоймай, толыққанды, пайдалы және дәмді тағамдарды оңай әзірлей аласыз. Бұл - сапа мен қауіпсіздікті бағалайтындар үшін таптырмас көмекші.




Асүйдегі сенімді көмекші


LG NeoChef™ микротолқынды пеші толық қауіпсіздік пен тамаша пісіру сапасын қамтамасыз етеді. Сенсорлық басқару мен LED-дисплей — қолдануға ыңғайлы. Пеш тағам түріне қарай қуат пен уақытты өзі анықтайды. Ал оның заманауи дизайны асүйіңізге көрік береді. Осылайша, бұл пеш жай ғана тағамды қыздыратын құрылғы емес, нағыз асүйдегі көмекшіге айналады.


Smart Inverter Magnetron


LG NeoChef™ микротолқынды пеші Smart Inverter технологиясымен жабдықталған. Ол тағамды дәл және біркелкі қыздыруға көмектеседі. Бұл технология температураны нақты реттейді, тағамды ішіне дейін біркелкі жылытады және еріту процесін де тиімді етеді.




Сүйікті тағамдарыңыз енді неғұрлы пайдалы бола түспек


Нақты қуат реттеу тағамның ішіне дейін біркелкі қызуын қамтамасыз етіп, процесті 1,5 есе жылдамдатады. Жаңа функциялардың арқасында аз маймен немесе бумен пісіруге болады. Жинаққа кіретін арнайы ыдыстарды қолдану қажет. Сонымен қатар, температураны дәл бақылау арқылы үй жағдайында йогурт дайындау да қиын емес. Сүйікті тағамдар бұрынғыдан да пайдалырақ, ал ас әзірлеуге кететін уақыт қысқара түседі!


Ыңғайлы «user-friendly» функциялары


EasyClean™ - жеңіл тазалу


LG NeoChef™ пешінің ішкі камерасыEasyCleanEasyClean арнайы жабынымен қапталған. Бұл жабын тағам қалдықтары мен иістерді қалдырмай, тез әрі оңай тазалауға мүмкіндік береді.


Көлемі үлкен


Қолданушылар үшінLG NeoChef™ NeoChef™ сыртынан ықшам көрінсе де, ішкі көлемі кең, ал тұрақты айналмалы платформа тағамның біркелкі қызуына кепіл болады.


Пісіру режимі


Микротолқынды пеште бірнеше пісіру режимі бар: Қайнату, қыздыру, еріту немесе балқыту – LG NeoChef™ кез келген режимде оңай жұмыс істейді.


LG NeoChef™ микротолқынды пешінде ас әзірлеу


Микротолқынды пеште ас әзірлеу LG NeoChef™ өте оңай. Міне, өзіңізді де, жақындарыңызды да дәмді әрі тез тамақтандыруға көмектесетін бірнеше жеңіл рецепт.


Шоколадты бәліш кружкада


Құрамы:
• 4 ас қасық ұн
• 4 ас қасық қант
• 2 ас қасық какао
• 1 жұмыртқа
• 3 ас қасық сүт
• 3 ас қасық өсімдік майы


Дайындау тәсілі:
1. Барлық құрғақ ингредиенттерді кружкаға салыңыз.
2. . Жұмыртқа, сүт және май қосып, біркелкі масса болғанша араластырыңыз.
3. Микротолқынды пеште 900–1000 Вт қуатта 1–2 минут пісіріңіз.


Микротолқынды пештегі омлет


Құрамы:
• 2 жұмыртқа
• 2 ас қасық сүт
• Дәміне қарай тұз және бұрыш
• Үгітілген ірімшік
• Көкөніс


Дайындау тәсілі:
1.Жұмыртқаны кружкаға жарып, сүт, тұз, бұрышты салып, барлығын вилкамен араластырыңыз.
2. Кружканы микротолқынды пешке қойып, 700–800 Вт қуатта 1–2 минут пісіріңіз.
3. Ірімшік пен көк қосып, тағы 30 секунд қыздырыңыз.


LG NeoChef™-пен сүйікті асыңызды жылдам дайындаңыз! Жаңа микротолқынды пешті дәл қазір LG интернет-дүкенінен сатып алуға болады. Сондай-ақ LG Клуб , мүшесі бола отырып, сіз бірқатар бонустарға ие боласыз: 5% сәлемдесу купоны, тұрақты 2% жеңілдік, сондай-ақ барлық техниканы тегін жеткізу және кейбір үлгілерді орнату.


###


[1] Сіздің моделіңіз үшін тегін орнату қолжетімді екенін және басқа да толық ақпаратты LG.kz интернет-дүкенінің «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінен біле аласыз.