We use cookies, including cookies from third parties, to enhance your user experience and the effectiveness of our marketing activities. These cookies are performance, analytics and advertising cookies, please see our Privacy and Cookie policy for further information. If you agree to all of our cookies select “Accept all” or select “Cookie Settings” to see which cookies we use and choose which ones you would like to accept.
Көкөніс - денсаулыққа пайдалы астың маңызды бөлігі. Оның түрлі түрлері мәзірдегі тағамдарға пайдалы қасиет қосып, ағзаға қажетті микроэлементтердің тепе-теңдігін сақтауға көмектеседі және, әрине, сүйікті тағамдардың дәмін жаңаша ашады.

Көп жағдайда біз көкөністі көп мөлшерде сатып алып, дүкенге жиі барудан үнемдегіміз келеді. Алайда бірнеше күннен кейін тоңазытқыштан солып қалған жапырақтарды тауып, көңіліміз қалатын сәттер де болады. Жаңа мақаламызда тоңазытқышта көкөністі балғын күйінде сақтаудың үш тиімді әдісін ұсынамыз.
Көпке дейін сақтау құпиясы - дұрыс жуу мен кептіруден басталады. Алдымен солып қалған жапырақтар мен қажетсіз бұтақтарды алып тастаңыз. Жапырақтарды ағынды суда жуыңыз немесе аз уақытқа тостағанға салып қойыңыз. Міндетті түрде көкөністі құрғатыңыз, себебі артық ылғал сақтау мерзімін қысқартады. Ол үшін көкөністі сүзгіге немесе қағаз сүлгі төселген жазық бетке жайып қоюға болады.
Көкөністің балғындығы мен пайдалы қасиеттерін ұзақ сақтау үшін оны тоңазытқышта сақтау ұсынылады. Бұл үшін тоңазытқышта тұрақты температура мен біркелкі салқындату тәрізді оңтайлы жағдайлар болуы керек. Мысалы, LG GC-B257SQZV ; үлгісіндегі LG Side-by-Side тоңазытқыштарында DoorCooling+™ технологиясы бар. Ол салқын ауаны жоғарыдан бағыттап, есік бөліктеріне дейін біркелкі таратады. Ауа ағындары тікелей есік сөрелеріне бағытталып, тоңазытқыш камерасының ішін біркелкі әрі тез салқындатады. Бұл тоңазытқыштарда сонымен қатар LinearCooling™️ жүйелік салқындату технологиясы қолданылған, оның арқасында камера ішіндегі температура ауытқуы небәрі 0,5 °C құрайды. Сондықтан тағамдардың сыртқы түрі мен балғындығы ұзақ сақталады.
Сонымен қатар, LG көп есікті тоңазытқыштардың кейбір модельдерінде, мысалы LG GC-B569PMCM, деп аталатын арнайы аймақ бар. Бұл аймақта ылғалдылық оңтайлы деңгейде сақталып, көкөністер мен жемістер ұзақ уақыт балғын және қытырлақ күйінде қалады.

Төменде көкөністі балғын күйінде сақтаудың үш қарапайым әдісін ұсынамыз.
Бірінші әдіс:
Кәдімгі пластик контейнерлерді қолдануға болады. Төменгі жағына қағаз сүлгіні төсеп, көкөністі жайыңыз және үстінен тағы бір сүлгімен жауып қойыңыз. Мықты контейнер көкөністі жаншылып қалудан сақтайды және оның балғындығын ұзағырақ ұстап тұрады.
Екінші әдіс:
Егер тоңазытқышта контейнерлерге орын жетпесе, орнына пластик пакеттерді пайдалануға болады. Жапырақтарды жеке бөліп, тым тығыз салмаған жөн, өйткені жасыл шөпке ауа айналымы қажет. Артық ылғалды сіңіріп, шіріп кетуден сақтайтын сүлгіні ішіне салыңыз. Пакетті жауып, тоңазытқышқа қойыңыз.
Үшінші әдіс:
Кейбір көкөністер, мысалы, ақжелкен мен аскөк суды жақсы көреді, бірақ сақтау тәсілдері әртүрлі.
1. Ақжелкенді тоңазытқышта қалай сақтауға болады? Ақжелкенді сақтау үшін сабағын қиып, тігінен су құйылған банкаға салыңыз. Үстінен полиэтилен пакетті жауып, кеңсе резеңкесімен бекітіңіз. Суды күн сайын ауыстыру қажет.
2. Аскөкті сақтау үшін сабағын сәл ылғал қағаз сүлгіге орап, полиэтилен пакетке салып қойған дұрыс.
Тоңазытқышта көкөністерді қалай ұзақ сақтауға болады? Ең маңызды фактор - тоңазытқышты таза ұстау. LG тағамның балғындығын сақтау үшін пайдаланушыларға барынша қолайлы және оңтайлы жағдай жасады. Жаңа LG Side-by-Side тоңазытқыш үлгілерінде ультракүлгін шамы бар Hygiene FRESH+™ гигиеналық сүзгі орнатылған. Ол өнімдерді таза күйінде ұзақ сақтап, шаң, зең споралары, қышқыл және сілті булары сияқты зиянды заттардан қорғайды. Бұл сүзгі бүкіл тоңазытқыштың қызмет мерзіміне есептелген және ауыстыруды қажет етпейді.
Бұл қарапайым нұсқаулық көкөністі тоңазытқышта қалай сақтау керегін түсінуге көмектеседі. Ал жаңа тоңазытқышты LG интернет-дүкенінен дәл қазір таңдай аласыз. Kaspi QR, Apple Pay немесе банк карталарымен төлеу, сондай-ақ 24 айға пайызсыз бөліп төлеу және қолма-қол төлеу секілді ыңғайлы төлем тәсілдері қолжетімді. Сонымен қатар LG Club , мүшесі болып, сіз 5% сәлемдесу купонына, 2% тұрақты жеңілдікке және барлық техникаға тегін жеткізу мен кейбір үлгілерге орнату қызметіне ие боласыз1.
# # #
1Құрылғыңыз үшін тегін орнату мүмкіндігін және басқа да мәліметтерді LG интернет-дүкенінің «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінен біле аласыз
