Төсек-орынды қалай жуған дұрыс??

Төсек-орынды қалай жуған дұрыс??

19/07/2024

Таза және жаңа жуылған төсекте ұйықтау — жайлы жатып, жақсы тұрудың, көңіл-күйдің орнықты болуының кепілі. Төсек-орынды дұрыс күтіп-ұстау жайлы ұйқыны қамтамасыз етеді, сондай-ақ мата түсінің қанық реңктері мен талшық құрылымын сақтай отырып, оны қолдану мерзімін ұзартады. Бұл мақалада біз үйдегі төсек-орынды күтіп-ұстау ерекшеліктерін қарастырамыз.




Алдымен әдетте жапсырмаларда жазылатын төсек-орынды жуу ұсынымдарын қарап алу керек. Оларда төсек-орынды қай температурада және қай режимдерде жууға қатысты маңызды нұсқауларды қамтылған.


Негізінен төсек-орын жасалатын маталарды жуу кезінде ең бастысы - жуу режимін дұрыс таңдау қажет. Төсек-орындарды қандай режимде жуу керек деген сұрақтың жауабын көпшілік білгісі келеді. Әдетте төсек-орынды жуу үшін «Мақта» немесе «Төсек-орын жабдығы» режимдерін қолданған дұрыс, бұл режимде үсті-үстіне жуылады және шайылады. Бұл кір жуу режимдері кірді ашып жуады және жуғыш заттың қалдықтарын жақсы кетіреді.


***«Жібек матадан және сәтеннен тігілген төсек-орынды қандай режимде жуу керек?» сұрағына нәзік маталарға арналған режимді таңдаған дұрыс деп жауап береміз. Ол кірді баппен, зақымдамай жуады. Ал кір жуғыш машинасын орнатып алсаңыз LG AIDD™️ , мата сол қалпында қалатынына толық сенуіңізге болады. Өйткені, кіріктірілген AI DD™️ функциясы оңтайлы жуу алгоритмін дәл таңдау үшін мата салмағы мен мата типін дұрыс тани алады.


Көпшілік төсек-орынды қандай температурада жуу керек деген сұрақ қояды. Біз 60°C температурасында жууға кеңес береміз. Бұл температурада жоғары гигиена дәрежесін қамтамасыз ете отырып, бактериялар мен шаң кенелерін жоюға мүмкіндік береді. Алайда түрлі-түсті төсек-орын үшін 40°C температураны қолданған жөн, сонда түстердің қанықтылығы сақталып қалады.


Төсек-орны матасын дұрыс жуу тиісті режим мен температураны таңдау ғана емес, сондай-ақ кір жууға лайықты гельдер мен ұнтақтарды пайдалануды қамтиды. Төсек-орынды жуу кезінде құрамында агрессивті химикаты жоқ жұмсақ өнімдерді қолдану ұсынылады. Бұл талшықтар құрылымын сақтауға және аллергиялық реакциялардың туындауының алдын алуға көмектеседі. Жұмсақ жуғыш заттар төсек-орынды оның құрылымына зақым келтірместен жұмсақ жууды қамтамасыз етеді. Оларды қолдану әсіресе балалардың тітіркенгіштерге және аллергияға бейім нәзік әрі сезімтал терісі үшін маңызды. Кір жуғыш затты сатып алғанда, балалар киімдерін жууға және күтіп-ұстауға аса қолайлы сезімтал теріге арналған өнімдерді таңдаған жөн.


Нәрестелері бар үйде кір жуғыш машинаны таңдау — өте маңызды міндет. Мысалы LG F2M5HS6W DirectDrive™кір жуғыш машинасында «Нәресте киімі», «Гипоаллергенді» режимдері үшін арнайы Steam технологиясы әзірленді, ол бу арқылы сезімтал теріні мүмкіндігінше қауіпсіз етіп, бактерияларды жояды.


Әртүрлі матадан тігілген төсек-орынға үшін әртүрлі температуралық режим қажет екенін есте сақтаған жөн. Мәселен, мақталы мата мен зығыр мата 90°C-қа дейінгі температураға шыдайды, ал жібек мата мен сәтен үшін судың ең төменгі температурасы мен нәзік жуу режимін таңдау қажет. Түрлі материалдардан тігілген төсек-орынды қандай температурада жуу керектігін тауар биркасындағы ұсынымдардан білуге болады.


Сонымен, төсек-орынның бастапқы қалпын сақтап қалу үшін оны жуу барысындағы негізгі сәттерге тоқталып өтейік.


Сұрыптау: төсек-орынды матасының түсі мен түріне қарай бөліңіз. Ақ түстің өңін кетіріп алмау үшін ақ түсті төсек-орынды түрлі-түсті матадан бөлек жуыңыз.


Режимді таңдау: төсек-орынды қандай режимде жуу керектігін білу үшін, төсек-орын тігілген материалды анықтап алыңыз.


Жуғыш заттар: төсек-орын жуған кезде жұмсақ жуғыш заттарды қолдану, әсіресе сәбилер киімін жуғанда немесе отбасында аллергия болған жағдайда өте маңызды.


Шаю: қажет болған кезде, жуғыш зат қалдықтарын толық кетіру үшін кірді тағы да шайып жіберу керек.


Енді сіз төсек-орынды қолдану мерзімін ұзарту және реңктердің қанықтылығын сақтап қалу үшін маңызды кір жуу нұсқаулығымен таныстыңыз. Осы қарапайым нұсқауларды орындау арқылы сіз жайлы ұйқы мен жақсы демалу үшін қолайлы жағдай жасай аласыз.


Төсек-орынның тазалығы мен балғындығына тәнті болу үшін LG интернет-дүкеніне кір жуғыш машинаға тапсырыс беріңіз .LG клубының қатысушыболып , Сіз 5% жеңілдікке Құттықтау купонын, тұрақты 2% жеңілдікті, сондай-ақ бүкіл техниканы тегін жеткізу және кейбір модельдерді тегін орнатуды[1] қоса алғанда бірқатар бонустарға ие боласыз.


# # #


· [1] Сіздің техника ақысыз орнатылатынын, әлде ақылы орнатылатынын білу үшін толығырақ ақпаратты LG.kz интернет-дүкені сайтындағы «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінен біле аласыз