Құлпынайды қалай дұрыс мұздатуға болады - 3 Лайфхак

Құлпынайды қалай дұрыс мұздатуға болады - 3 Лайфхак

01/07/2024

Қыстың өзінде жазғы хош иіс пен тұщымды дәм тату үшін құлпынайды мұздату — тамаша . Құлпынай жаз мезгілінде пісетін сүйікті жидек қана емес, ол сондай-ақ дәрумендер мен антиоксиданттарға өте бай дән, ал құлпынайды мұздатқышта дұрыс сақтау жидектің барлық пайдалы құнарын сақтауға көмектеседі. Бұл мақалада біз құлпынайды қалай дұрыс мұздату керектігін қарастырамыз, ол үш қарапайым және тиімді әдісін талдаймыз, сонымен қатар дәмді жазғы жемістерді сақтау бойынша кеңесімізді айтамыз.




Мұздатуға дайындау
Қысқы мезгілге құлпынайды сақтауға дайындамас бұрын, мұқият баптау қажет. Бұл процесс бірнеше кезеңдерді қамтиды:


Жидекті іріктеу: тек жаңа піскен, жаңа жиналған жидектерді пайдаланыңыз. Аса жұмсақ, бүлінген немесе шіріген жидек мұздатуға жарамайды.


Құлпынайды жуу: жидектерді суық суда мұқият жуу қажет. Ең дұрысы сүзгіге салып, сол сүзгімен бірге бірнеше рет суға батырып алған дұрыс. Осылайша, жидектер бүтін қалады, пішінін жоғалтпайды және артық ылғалды сіңірмейді.


Түбін алып тастау: жуып алған соң, құлпынайдан түбін алып тастаңыз. Кәдімгі ас үйде қолданатын пышақпен алып тастауға болады.


Жидекті кептіру: мұздатар алдында міндетті түрде кептіріңіз.Құлпынайды қағаз сүлгілерге жайып, толық кептіріңіз. Артық су жидектерді мұзға айналдырады әрі дәмін айтарлықтай бұзады.


Лайфхак 1: Құлпынайды қалай тұтас мұздатуға болады?


Жидекті тұтас мұздату - қыста жидектерді сақтаудың ең көп таралған әдісі. Бұл әдіс жемістердің дәрумендерін, пішінін және бітімін сақтауға мүмкіндік береді. Егер құлпынайды қант қоспай мұздатқыңыз келсе, онда LG Objet GC-B404FAQM мұздатқышқа камерасына назар аударыңыз. Салқын ауаның қуатты пәрмені үшін Express Freeze жылдам мұздату функциясын пайдаланыңыз. Салқын ауа барлық бағытта таралып, жидектердің балғындығын барынша сақтайды. Жидек температурасы тез төмендеуіне байланысты ондағы ылғал микрокристалдарға айналады және еріткен кезде құлпынай өзінің дәмін, түсін, иісін және консистенциясын сол күйінде сақтап қалады.

Алғашқы мұздату: жабысып қалмас үшін құлпынай бір қабат етіп салынған ыдысты екі-үш сағатқа мұздатқыш камераға салып қойыңыз. Содан кейін ғана оны тұрақты сақтау үшін дайындауға болады.
Құлпынайды қайда қатырған жөн? Жидек мұздағаннан кейін оны контейнерлерге немесе мұздатқыш пакеттерге салыңыз. Бұл әдісте жидектерде мұз қабаттары пайда болмас үшін пакеттердің аузын жаппас бұрын ауаны толық шығарып алу керек.


Лайфхак 2: Қант қосылған құлпынайды қалай мұздатқан жөн?
Бұл әдіс десерттерді безендіру үшін құлпынай дайындамаларын қолданғанды ұнататындарға өте қолайлы.
Дайындау: құлпынайға қалағанша қант себіңіз және абайлап араластырыңыз. Шырын бөліну үшін 15-20 минутқа қалдырыңыз.
Мұздату: құлпынай қантты сіңіргеннен кейін, жемістерді мұздатқыш ыдыстарға жайыңыз.
Сақтау: Артық ауасы шығарылған ыдыстарды немесе пакеттердің аузын жауып, мұздатқыш камераға салыңыз.


Лайфхак 3: Құлпынай езбесін қалай мұздатқан жөн?


Құлпынай езбесін мұздату - егер жидектерді тұздықтарға, смузилерге немесе десерттерде қосамын десеңіз, онда бұл - тамаша әдіс.
Езбені дайындау: құлпынайды блендерде немесе ұсақтағыш көмегімен езгілеп, езбе жасаңыз. Қажет болса, қант қосыңыз.
Ыдыстарға құю: тағам дайындау кезінде қажет болатын порция мөлшерін ескере отырып, езбені өзіңізге ыңғайлы кез келген ыдысқа құйыңыз.
Мұздату: Езбені шамамен 2-3 сағат мұздатыңыз. Қатқаннан кейін, осы формаларды мұздатқыш пакеттерге салыңыз немесе мұздатқыш қамерада бос орын болса, сол формаларда қалдырыңыз.



Еріту бойынша кеңес
Жидектердің балғындығын сақтап қалу үшін еріту процесіне аса мән берген жөн.
Сақтау мерзімі: мұздатылған құлпынай бір жылға дейін сақталады. Дегенмен, ең абзалы дайындамаларды алты-сегіз айда пайдалану. Бұл кезде дәрумендер мен құнарлы заттар барынша сақталып тұрады.
Еріту: құлпынайдың пішіні мен дәмін сақтап қалу үшін оны тоңазытқышта еріткен дұрыс. Жидектерді бөлме температурасында еріту қате, ол кезде хош иісі мен дәмі кетіп қалады.
Контейнерлер және пакеттер: басқа иістердің енуіне жол бермеу және құлпынайдың балғындығын сақтау үшін ауа өткізбейтін контейнерлерді немесе мұздатқыш пакеттерді пайдаланыңыз. Мұздатпас бұрын пакеттердегі артық артық ауаның шығарылғанына көз жеткізіңіз.


Енді сіз құлпынайды мұздату әдістерін пайдаланып, қыста құлпынайды мұздатудың ең жақсы әдісін біліп алдыңыз. Осы кеңестерді қолданып, жыл бойы жазғы жидектер дәмін тата аласыз, өйткені LG Objet GC-B404FAQM LG Objet GC-B404FAQM мұздатқыш камерада өзіңізге қажетті көлемде жидектерді мұздатуға мүмкіндік беретін кеңістік жетерлік.




Құлпынай піскен кезеңді жіберіп алмаңыз, қысқа дәрумендер дайындаңыз! Дәл қазір сіз LG Objet GC-B404FAQMмұздатқыш камерасын LG интернет-дүкенінен екі түсте сатып ала аласыз. LG клубының қатысушы болып сіз 5% жеңілдікке Құттықтау купонын, тұрақты 2% жеңілдікті және техниканы тегін жеткізуді және кейбір модельдерді тегін орнатуды [1] қоса алғанда бірқатар бонустарға ие боласыз. LG фирмалық сервисін тегін орнату қызметін тауарды ресімдеу кезінде LG.kz интернет-дүкенде рәсімдей аласыз.


# # #


· [1] Сіздің техника ақысыз орнатылатынын, әлде ақылы орнатылатынын білу үшін толығырақ ақпаратты LG.kz интернет-дүкені сайтындағы «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінен біле аласыз