Пәтерді қалай сән беріп, түрлендіруге болады: 4 қарапайым кеңес

Пәтерді қалай сән беріп, түрлендіруге болады: 4 қарапайым кеңес

27/06/2024

Пәтер мен үйге арналған дизайн жобалары нарығында ұсыныстардың көп болуы әртүрлі бюджетті ескеріп, ең жақсы нұсқасын таңдауға мүмкіндік береді. Одан басқа, үй-жайыңызды жайлы әрі стильді етудің сан-алуан әдісі бар. Бұл мақалада біз үйді жайлы әрі көркем етуге көмектесетін принциптермен бөлісеміз.




Бір түс гаммасын таңдаған жөн


Есік тұтқалары, қабырға ілгіштері, ажыратқыштар және розеткалар сияқты кішкене интерьер бөлшектерін таңдағанда, бір түс палитрасын ұстанған жөн. Осы принцип үй-жайды біртұтас қылдырып, оны толымды етіп, стильді қылады. Одан басқа, бір түс гаммасын ұстану интерьер элементтерін таңдау процесін жеңілдетеді және қалаған эстетикалық әсер алуға мүмкіндік береді.


Перделерді үй-жай стиліне сәйкестендірген дұрыс


Үй интерьерімен үйлесетін және оның стилін ерекше етіп көрсететін перделерді таңдаңыз. Мысалы, жеңіл тюль немесе табиғи матадан жасалған перделер үлпілдеген, жеңіл атмосфераны құруға көмектеседі, керісінше күлтеленген шымылдықтар декорға кербездік пен сән-салтанат қосуға көмектеседі.


Интерьерге ақылды техниканы қосыңыз


Үйдің тұрмыстық тыныс-тіршілігін автоматтандыру үшін заманауи ақылды құрылғылардың мүмкіндіктерін пайдаланыңыз. Бұл - жарығы мен түс температурасы реттелетін шамдар, ақылды термостаттар немесе интернетке қосылатын аудио жүйелер. Ал LG All-In-One A9T-ULTRA2 , Kompressor™, 200 Вт сымсыз шаңсорғыш үйде сенімді көмекшіңіз болады әрі кез-келген интерьерге жараса кетеді, өйткені бұл модельдің дизайны - стильді премиум және оның құрылғыны бір жерде сақтауға, тазартуға және зарядтауға мүмкіндік беретін All-in-One Tower™ станциясы бар. Power Drive Mop саптамасы көмегімен көп уақыт пен күш жұмсамай, бір уақытта құрғақ және ылғалды тазартуға болады. Саптама айналмалы түрде еденді сүртетін микроталшықты майлықтары бар моторлы дискілермен жабдықталған. Су автоматты түрде келіп тұратындықтан, майлықтардың ылғалдылығын реттеуге болады.


Үйіңізді өнер туындыларымен түрлендіріңіз


Интерьерге өнер туындыларын қосу оны неғұрлым тартымды етеді әрі бірегей мән береді. Картиналар, мүсіндер, мүсіншелер, портреттер және рамкаға салынған фотосуреттер үйді әсемдеп, ерекше атмосфераға бөлейді. Өз стиліңізге сәйкес келетін элементтерге екпін қойыңыз. Осылайша, үй сіздің көңіл-күйіңізді, талғамыңызды айқындап тұрады. Сондай-ақ, сіз декор элементтерін жыл мезгіліне қарай өзгерте аласыз, сөйтіп интерьеріңізді жаңарта аласыз.




LG өнімі арқылы үй кеңістігін түрлендіріңіз! Дәл қазір LG интернет-дүкенінде өзіңізге лайықты модельді таңдай аласыз. Ал LG клубының қатысушы болып , сіз 5% жеңілдікке Құттықтау купонын, тұрақты 2% жеңілдікті және техниканы тегін жеткізуді және кейбір модельдерді тегін орнатуды[1] қоса алғанда бірқатар бонустарға ие боласыз.


# # #


· [1] Сіздің техника ақысыз орнатылатынын, әлде ақылы орнатылатынын білу үшін толығырақ ақпаратты LG.kz интернет-дүкені сайтындағы «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінен біле аласыз