Ыдыс жуатын машина қалай жұмыс істейді

Ыдыс жуатын машина қалай жұмыс істейді

25/10/2024


Ыдыс жуатын машина - бұл күнделікті өмірді жеңілдететін және ыдыс жуу процесін тиімдірек және үнемді қылатын заманауи құрылғы. Алайда, біз бұл ғажайып техника қалай жұмыс істейтінін түсіне бермейміз. Ыдыс жуатын машинаның қалай жұмыс істейтінін LG DB242TX, мысалында қарастырайық, дәл қандай функциялар оны соншалықты ыңғайлы және тиімді ететінін білетін боламыз және оны ұзақ қолдану үшін құрылғыны қалай күту керектігін шешеміз.

 

Ыдыс жуатын машинаның компоненттері

 

Ыдыс жуатын машинаның құрылымын түсінуден бастайық. LG DB242TX – моделінің негізгі элементтері - жоғарғы импеллер мен үстіңгі бүріккіш, төменгі бүріккіш, тұз жұмсартатын сыйымдылық, сүзу жүйесі, жуғыш зат пен шаюға арналған сыйымдылық және жоғарғы-төменгі екі себет. Аппарат түсінікті әрі интуитивті құрастырылған – мысалы, бүріккіштер құрылғының жұмыс камерасына суды бүрку үшін қажет, ал сүзгі тамақ қалдықтары құрылғыны бітеп тастамауы үшін қажет.

 


Ыдыс жуатын машинаның жұмыс істеу принципі

 

Алдымен судың қажетті мөлшері жиналады, қажетті температураға дейін қызады және жуғыш зат қосылады. Одан соң жоғары қысымды су айналмалы бүріккіш тетік арқылы жайылады, тетік су ағынын тазарту үшін ыдысқа бағыттайды. Ластанған су бірнеше рет сүзіліп, жүйе арқылы бірнеше рет айналады. Негізгі жуу аяқталған соң, ыдыстар таза сумен шайылады, сосын қалдық ылғалды кетіру үшін ыстық ауамен немесе бумен кептіріледі.

 


Бір дегенде ыдыс-аяқтың мінсіз жуылуын LG DB242TX машинасында QuadWash™ технологиясы қамтамасыз етеді, ол басқа брендтердің көбінде қолданылатын екі бүріккішке қарағанда, барынша тиімді жуу үшін төрт бүріккішті пайдаланады.Бұл Multi-Motion бүріккіштері әртүрлі бағытта айналады, су ағындарын әр бұрыштан бағыттайды, бұл ыдыс-аяқты аса мұқияттылықпен жуып-тазалауға мүмкіндік береді.

 

Жұмыс істеу кезеңдері

 

Толығырақ танысайық:

 

Алдын ала шаю. Бұл кезеңде аппарат ірі тамақ қалдықтарын кетіру және оны негізгі циклге дайындау үшін ыдысты суық немесе жылы сумен шаяды. Бұл сүзгілерді бітемейді және кейінгі ыдыс жууды тиімдірек етеді.

Негізгі жуу. Бұл кезеңде жуғыш зат қосылған ыстық су беріледі. Су бүріккіштер арқылы жоғары қысым астындағы ыдыстарға қарай бағытталады. Мұнда жуғыш зат көмегімен тамақ қалдықтары, май және басқа ластаушы заттар кетеді. LG DB242TX ыдыс жуатын машинада бірнеше жуу циклі бар: авто, қарқынды, нәзік, эко және турбо.

Шаю. Негізгі жуудан кейін машина жуғыш зат пен кір қалдықтарын кетіру үшін ыдысты таза сумен шаяды.

Кептіру. Ең соңында машина ыдыстарды кептіру және артық ылғалды кетіру үшін ыстық ауаны немесе арнайы технологияны (мысалы, конденсациялық кептіру немесе желдеткіштер) қолданады.

 


Ыдыс жуатын машинаны күтіп-ұстау

 

Пайдалану кезінде ыдыстарды дұрыс салу және сұрыптау қажет, лайықты жуғыш затты пайдалану және кірлеуіне қарай жуу циклдерін дұрыс таңдау маңызды. Су мен жуғыш заттың оңтайлы әрекет етуі үшін құрылғыны шамадан көп ыдыс салмаңыз. Аппаратты күтіп-ұстау: сүзгіні үнемі тазалап, бүріккіш тетіктердің бітеліп қалмауын тексеріп отырыңыз. Қақ пен жағымсыз иістерді кетіру үшін сірке суы немесе арнайы тазартқышты құйып, машина циклін мезгіл-мезгіл қосып отырыңыз. Сондай-ақ, есік тығыздағышы мен машинаның сыртын кірден, тамақ қалдықтарынан тазалауды ұмытпаңыз.

 

Жаңа ыдыс жуатын машинаны дәл қазір LG интернет-дүкенінен сатып ала аласыз. Ал LG клубының қатысушы болып, сіз 5% жеңілдікке Құттықтау купонын, тұрақты 2% жеңілдікті және техниканы тегін жеткізуді және кейбір модельдерді [1] тегін орнатуды қоса алғанда бірқатар бонустарға ие боласыз. Карталармен, Kaspi QR және Apple Pay төлемдерімен, сондай-ақ артық төлемсіз 24 айға дейін бөліп төлеу опциялары қолжетімді, сондай-ақ тауарды алған кезде қолма-қол ақша төлеуге болады.

 

 

 

Сіздің техника ақысыз орнатылатынын, әлде ақылы орнатылатынын білу үшін толығырақ ақпаратты LG.kz интернет-дүкені сайтындағы “«Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінен біле аласыз LG.kz.