We use cookies, including cookies from third parties, to enhance your user experience and the effectiveness of our marketing activities. These cookies are performance, analytics and advertising cookies, please see our Privacy and Cookie policy for further information. If you agree to all of our cookies select “Accept all” or select “Cookie Settings” to see which cookies we use and choose which ones you would like to accept.

Микротолқынды пештен иісті қалау кетіруге болады
Микротолқынды пеш - ас бөлмедегі таптырмас көмекші. Алайда, ұзақ уақыт қолданғанда, одан жағымсыз иістер шыға бастайды. Бұл иіс әдетте қабырғаларына шашыраған тамақ қалдықтарынан, күйіп кеткен тағамдардан немесе түкпірлерге жинақталатын майдан шығады. Абырой болғанда, микротолқынды пешіңіз әрдайым таза және мұнтаздай болу үшін бұл мәселені шешудің бірнеше тиімді әдістері бар.
Микротолқынды пеште жағымсыз иістердің пайда болу себептері
Тамақтың іріп-шіруі. Тамақ қалдықтары пеш қабырғаларына жабысып, уақыт өте шіріп, жағымсыз иіс шығара бастайды.
Күйіп кеткен тағам. Кейде тамақ күйіп кетеді немесе «атқылайды», салдарынан пеште кетіру қиынға соғатын күйік иісі қалады.
Май жиналуы және кірлеу. Қыздырылатын тамақтың майы УЖЖС пешке жабысады және егер жиі-жиі тазартып отырмаса, жағымсыз иіс шығаратын болады.
1-ші әдіс: Лимон мен су.
Лимон - микротолқынды пештің иісін жаңартатын және тазартуға көмектесетін керемет табиғи дезодорант.
Нұсқаулық:
- Микротолқынды пешті тазарту үшін шұңғыл ыдысқа 1 стакан су құйыңыз.
- Лимонды екіге бөліп, шырынын суға сығып, лимонның жартысын сол ыдысқа қосыңыз.
- Ыдысты пешке салыңыз да, барынша қуатын таңдап, құрылғыны 5 минутқа іске қосыңыз.
- Сөнген соң, суды тағы 5 минутқа қалдырыңыз.
- Пеш қабырғаларын дымқыл ысқышпен немесе шүберекпен сүртіңіз.
2-ші әдіс: Сірке суы
Сірке суы иісті жақсартуға және жағымсыз иіс шығатын жинақталған майды кетіруге көмектеседі.
Нұсқаулық:
- 1 стакан суға 2 ас қасық сірке суын қосып, араластырыңыз.
- Ыдысты пешке салыңыз да, құрылғыны 5 минутқа қосыңыз.
- Сөнеген соң, ыдысты тағы 2-3 минутқа қалдырыңыз.
- Пештің ішін ысқышпен немесе жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
3-ші әдіс: Ас содасы
Ас содасы - иісті сіңіретін және пешті тазартуға көмектесетін тиімді құрал.
Нұсқаулық:
- Шағын ыдысқа 2-3 ас қасық сода себіңіз.
- Қою паста жасау үшін аздап су қосыңыз.
- Бұл пастаны микротолқынды пештің ішкі қабырғаларына жағып, 10-15 минутқа қалдырыңыз.
- Сода қалдықтары мен кірді кетіру үшін дымқыл ысқышпен сүртіңіз.

4-ші әдіс: Кофе
Кофе дәндері немесе ұнтақталған кофе жағымсыз иістерді сіңіріп, жағымды хош иіс қалдырады.
Нұсқаулық:
- Кішкентай ыдысқа 2-3 ас қасық ұнтақталған кофе немесе бірнеше кофе дәндерін салыңыз.
- Ыдысты өшірулі пешке 2-3 сағатқа салып қойыңыз (түнгіге де қалдыруға болады).
- Таңертең микротолқынды пешті жұмсақ шүберекпен сүртіп алыңыз – жағымсыз иіс кетіп, кофенің білінер-білінбес хош иісі қалады.
5-ші әдіс: Микротолқынды пештерге арналған арнайы тазартқыштар
Микротолқынды пештің иісі мен тамақ қалдықтарын жоюға арналған көптеген арнайы тазартқыштар бар. Бұл құралды қолдану қауіпсіз және олар май мен күйікті жақсы кетіреді.
Таңдау және қолдану бойынша кеңес:
- Құрылғының ішкі жабынына зақым келтірмеу үшін ас үй құрылғыларына арналған тазартқыш құралдарды таңдаңыз.
- Құралды қолданып, оны белгілі бір уақытқа қалдырып, өндірушінің нұсқаулығын дәлме-дәл орындаңыз.
- Тазартқышты құралды кетіру үшін жұмсақ шүберекті немесе ысқышты қолданыңыз.
Иістің алдын алу бойынша кеңестер
Жағымсыз иісті болдырмау үшін қарапайым күтім ережелерін сақтаған жөн:
- Үнемі тазалау. Май мен тамақ қалдықтарының жиналуын болдырмау үшін микротолқынды пешті әр қолданғаннан кейін дымқыл шүберекпен сүртіп отырыңыз.
- Қақпақтар мен контейнерлерді пайдаланыңыз. Тамақты шашыратпау үшін жабық контейнерлерде немесе арнайы қақпақтың астында қыздырыңыз.
- Күтіп-ұстау бойынша ұсынымдар. Құрылғыны жиі қолданған жағдайда, жоғарыда ұсынылған әдістердің бірін қолданып, аптасына кемінде бір рет мұқият тазартыңыз.
Микротолқынды пешті үнемі тазартып отыру оның мұнтаздай етіп ұстауға көмектеседі, сонымен қатар оның қызмет ету мерзімін ұзартады. Таңдап алған әдісіңізге қарамастан, мейлі лимон, сірке суы, сода, кофе және арнайы тазартқыш құралдар болсын олардың барлығы жағымсыз иісті кетіруге және тазартуға жақсы көмектеседі. Қарапайым күтіп-ұстау нұсқауларын дәл орындау арқылы сіз микротолқынды пешті мінсіз күйде ұстай аласы.
Егер сіз күнделікті қолданыста ыңғайлы және күтіп-ұстауға жеңіл жаңа микротолқынды пеш іздесеңіз, онда LG MS2595DIS NeoChef™ зер салыңыз. Механикалық зақымдануға төзімді арнайы Easy Clean™ бактерияға қарсы жабын арқасында сіз пешті күш жұмсамай-ақ тазарта аласыз.NeoChef™ пеші смарт-инвертор технологиясымен жабдықталған, соның арқасында ол біркелкі және мұқият қыздырады – демек, тағам жылыту кезінде нәрлі дәмін жоғалтпайды.
Жаңа микротолқынды пешті дәл қазір LG интернет-дүкенінен сатып ала аласыз. LG клубының қатысушы болып, сіз 5% жеңілдікке Құттықтау купонын, тұрақты 2% жеңілдікті, сондай-ақ техниканы тегін жеткізуді және кейбір модельдерді[1] тегін орнатуды қоса алғанда бірқатар бонустарға ие боласыз. Карталармен, Kaspi QR және Apple Pay төлемдерімен, сондай-ақ артық төлемсіз 24 айға дейін бөліп төлеу опциялары қолжетімді, сондай-ақ тауарды алған кезде қолма-қол ақша төлеуге болады.
[1]Сіздің техника ақысыз орнатылатынын, әлде ақылы орнатылатынын білу үшін толығырақ ақпаратты LG.kz интернет-дүкені сайтындағы “«Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінен біле аласыз LG.kz.
