Тік шаңсорғышты қалай таңдаған дұрыс

Тік шаңсорғышты қалай таңдаған дұрыс

08/08/2024

Технологиялылық пен жайлылық үй тазалайтын техниканы таңдауда маңызды аспекті болатын бүгінгі таңда LG компаниясы сатып алушыларға шаңсорғыштардың тік модельдерін ұсынады. Бұл шаңсорғыштар үйді жинауды жеңілдетеді және минималистік және эстетикалық дизайны арқасында кез келген интерьерге жараса кетеді. Тік шаңсорғыштардың басты артықшылығы - олардың ептілігі. Бөлмеден бөлмеге оңай ауысып, қол жетпейтін жерлерді оп-оңай тазарта аласыз.




Тік шаңсорғыштарды таңдағанда нені ескеруіміз керек? Өзіңізге қолайлы модельді таңдап алуыңызға көмектесетін маңызды сәттерді қарастырып өтейік.


• Сору қуаты


Сору қуаты - тазарту тиімділігін анықтайтын негізгі параметрлердің бірі. Едендер мен басқа қатты беттер үшін 100-150 Вт шаңсорғыш, ал кілемдер мен жұмсақ жиһаздар үшін кем дегенде 200 Втт қолайлы. Мысалы, қуаты 200 Вт LG CordZero™ A9K-PRO1 сымсыз шаңсорғышында Smart Inverter Motor™ инверторлы мотор кірістірілген, ол жоғары жылдамдықта айналады және осьтік турбоциклонмен бірге шаң мен қоқыстың ірі және ұсақ бөлшектерін тиімді ажыратады, бұл сору жылдамдығына оң ықпал етеді. Бұл тазалау процесін едәуір жылдамдатады және аса жайлы етеді. Сондай-ақ, кіріктірілген инверторлы мотордың арқасында шаңсорғыш электр энергиясын үнемді пайдаланады, өйткені мотор қуаты автоматты түрде реттеледі .




• Шаңсорғыш сыйымдылығы


Үлкен бөлмелерді тазалау үшін шаң жинағыш көлемі де үлкен шаңсорғыш қажет екенін ескеру маңызды. Мысалы, шағын пәтерлер үшін сыйымдылығы 0,5-0,7 литр шаңсорғыш қолайлы, ал үлкен үйлер үшін сыйымдылығы бір литр дейін жететін шаңсорғышты таңдаған дұрыс. LG CordZero™ A9K-PRO1 тік шаңсорғышындағы Kompressor технологиясы шаң мен қоқысты тікелей шаң жинағыштың өзінде сығымдауға мүмкіндік береді, сөйтіп оның көлемі 2.4 есе артады, бұл оны ара-тұра ғана тазартып тұруға мүмкіндік береді.


• Саптамалар мен аксессуарлар


Тік шаңсорғышты таңдағанда, жиынтықтағы саптамаларға назар аударыңыз. Дәл осы сапталар құрылғының функционалдығын кеңейтуге мүмкіндік береді. Мысалы, LG CordZero™ A9K-PRO1 сымсыз шаңсорғышында 5 ерекше саптама болады:


• Электр жетегі бар әмбебап саптама: кіріктірілген мотор кілемдер мен қатты беттерді мінсіз тазалап, мінсіз нәтижесін береді;
• Шағын турбо саптама үй жануарларының түктері түскен мата беттерін тазалауға арналған;
• Қатты беттерге арналған саптама оларды кірден, шаңнан және түбіттен тазартуға көмектеседі;
• Саңылауларды тазалауға арналған саптама автомобиль орындығы сияқты қол жетпейтін түкпір-түкпірлерді тазалауға өте ыңғайлы;
• 2-і 1-де аралас саптама жұмсақ қылтандар мен қатты саптамаларды біріктіреді, олардың көмегімен пернетақтаны шаң мен басқа ластаушы заттардан оңай тазартуға болады.


• Қуаттандыру және сақтау ыңғайлығы


Трансформациялық қуаттандыру базасын өзіңізге ыңғайлы жерде – қабырғаға, еденге тігінен немесе көлденеңінен қойып, бір дегенде қуаттай аласыз, және сақтай аласыз. Шаңсорғыштың басты артықшылығы – оны сақтау үшін көп орын қажет емес, ал қуаттау базасы мен шаңсорғыш кез-келген интерьерге үйлесе кетеді. Егер шаңсорғыш көмегімен үйіңізді ұзақ уақыт жинап-тазалайтын болсаңыз, онда LG CordZero™ A9K-PRO1 моделінде құрылғыны екі сағатқа дейін үздіксіз пайдалануды қамтамасыз ететін екі ауыстырылатын литий-ионды батареялар бар.


Енді сіз біздің ұсынымдарды орындау арқылы тазалау қажеттіліктеріңізді толығымен қанағаттандыратын модельді қалай таңдау керектігін және үйіңізді қалай жылдам әрі тиімді тазалау керек екенін білетін болдыңыз.


Шаңсорғыштардың тік модельдерімен LG интернет-дүкенінен танысуға болады . LG клубының қатысушы болып , сіз 5% жеңілдікке Құттықтау купонын, тұрақты 2% жеңілдікті, сондай-ақ техниканы тегін жеткізуді және кейбір модельдерді тегін орнатуды[1] қоса алғанда бірқатар бонустарға ие боласыз.


· [1] Сіздің техника ақысыз орнатылатынын, әлде ақылы орнатылатынын білу үшін толығырақ ақпаратты LG.kz интернет-дүкені сайтындағы Жиі қойылатын сұрақтар”бөлімінен біле аласыз LG.kz