Ыдыс жуатын машинаны сатып алуға 10 себеп

Ыдыс жуатын машинаны сатып алуға 10 себеп

15/07/2024

Күнделікті қарбалас өмірімізде уақыт пен тиімділік басты орын алады, ал асүйдегі күйбең тірлік те қалыс қалмайды. Бұл тұрғыда күнделікті жұмысты жеңілдетуге көмектесетін таптырмас көмекші - ыдыс жуатын машина. Алайда, көпшілікті «ыдыс жуғыш керек пе?», «сатып алған дұрыс па?», «артықшылықтары мен кемшіліктері қандай?» деген сұрақтар мазалайды? Ендеше, асүйіңізде не үшін қажет екенін дәлелдейтін 10 себеппен таныс болыңыз.




1. Уақытты үнемдеу
Ыдыс жуғыш машинаның басты артықшылықтарының бірі - уақытты едәуір үнемдеуі. Қолмен жуу сіздің тікелей қатысуыңызды талап етсе, ыдыс жуғыш машина небәрі 60 минутта осы істі өздігінен атқарады. Бар болғаны, кір ыдысты салып, арнайы жуғыш затты қосыңыз. Қалғанын техника өзі орындайды.


2. Суды үнемдеу және энергия тиімділігі
Кей адамдар: «Ыдыс жуғыш суды көп жұмсайды» деп ойлайды. Алайда бұл – қате пікір. Ыдыс жуғыш машиналар дәл сондай көлемдегі ыдысты қолмен жууға қарағанда 10 есе аз су пайдаланады. Орта есеппен бір жуу циклінде 9–15 литр ғана су жұмсалады, ал қолмен жуған жағдайда 70 литрге дейін кетуі мүмкін. Сонымен қатар, заманауи ыдыс жуғыштар энергияны үнемдейтін технологиялармен жабдықталған, бұл оларды экологиялық және тиімді етеді. Мысалы, LG DB475TXS > ыдыс жуатын машинада инверторлы мотор бар. Ол қуатты автоматты түрде реттеп, қажетсіз артық энергия жұмсалмауын қамтамасыз етеді. Бұл - ыдыс жуғыштың шынымен де тиімді инвестиция екенін дәлелдейтін тағы бір себеп.


3. Ыдыстың гигиенасы
Заманауи ыдыс жуғыш машиналар ыстық суды және арнайы жуғыш құралдарды пайдалана отырып, бактериялар мен микробтарды тиімді түрде жояды. Мұндай деңгейдегі асүй гигиенасын қолмен жуу кезінде қамтамасыз ету мүмкін емес. Бұл – әсіресе кішкентай балалары бар отбасылар үшін аса маңызды артықшылық, өйткені мұндай жағдайларда ыдысты жиі және сапалы жуу қажет. Сонымен қатар, LG DB475TXS үлгісінің тағы бір артықшылығы - өте тыныш жұмыс істеуі. Бұл балалар тәтті ұйқыда жатқан кезде ештеңе оятпай, үйдегі тыныштықты сақтайды.




4. Ыңғайлылық және қолдану жеңілдігі
Ыдыс жуатын машинаның тағы бір артықшылығы - оны пайдалану өте жеңіл әрі ыңғайлы. Қазіргі үлгілерде ластану деңгейіне қарай жуу режимін таңдауға мүмкіндік беретін түрлі технологиялар бар. Бұл пайдаланушының қосымша әрекетін қажет етпейді. Сондай-ақ LG DB475TXS үлгісі ауыстырмалы кіріктірілетін алдыңғы панелімен асүй интерьеріне мінсіз үйлеседі.


5. Асүйдегі тазалықты сақтау
Асүйде ыдыс жуатын машина қажет пе? Әрине, қажет. Егер сіз әрдайым тазалық пен тәртіпті қаласаңыз, бұл техника - таптырмас көмекші. Лас ыдыстар раковинада немесе үстел үстінде жиналмайды, бірден машинаның ішіне салынады. Бұл әсіресе шағын асүйлер үшін өзекті. Себебі бір-екі кружка болса да орнында тұрмаса, шашылған әсер қалдырады.


6. . Жуғыш заттарға кететін шығынды азайту
Ыдыс жуатын машиналарға арнайы жуғыш құралдар қажет, олар әдетте қолмен жууға арналғандарға қарағанда үнемдірек. Бұл ұзақ мерзімді перспективада шығынды азайтады. Ал LG DB475TXS , үлгісіндегі TrueSteam™ бу технологиясы табақтардағы кірді жоғары температурадағы бу арқылы кетіріп, бүкіл отбасы үшін тазалық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.


7. Ыдысқа жұмсақ күтім жасау
Қазіргі заманғы ыдыс жуатын машиналар нәзік шыны немесе фарфор тәрізді ыдыстарды бүлдірмей жуу үшін арнайы режимдермен жабдықталған. Мысалы, LG DB242TX > үлгісіндегі QuadWash™ технологиясы төрт бағыттағы шашыратқыштар арқылы әр ыдыс бетін мұқият және жұмсақ түрде жуады.


8. Физикалық жүктемені азайту
Қолмен ыдыс жуу көп уақыт алады әрі белге салмақ түсіреді. Егер сізде беліңіз ауырып жүрсе немесе ұзақ уақыт раковина алдында тұру қиындық тудырса, ыдыс жуғышты міндетті түрде алғаныңыз дұрыс.


9. Смарт-функцияларды қолдану
Заманауи ыдыс жуғыштардың маңызды артықшылығы - оларда «ақылды» функциялардың болуы. Мысалы, LG DB475TXS үлгісін LG ThinQ™ қосымшасы арқылы смартфоннан басқаруға болады.


Үй тіршілігін жеңілдетіп, отбасыңызға және сүйікті істеріңізге көбірек уақыт бөлгіңіз келсе LG интернет-дүкенінен > ыдыс жуғыш машинасына тапсырыс беріңіз. Сонымен қатар, LG клубының, қатысушысы ретінде Сіз 5% жеңілдікке арналған Сәлемдесу купонына, 2% тұрақты жеңілдікке, барлық техникаға тегін жеткізуге және кейбір үлгілерге орнату қызметіне ие боласыз.


# # #


· [1] Техникаңыз үшін тегін орнату қолжетімді ме, соны және өзге мәліметтерді LG.kz интернет-дүкенінің “Жиі қойылатын сұрақтар” бөлімінен біле аласыз LG.kz сайтындағы FAQ