We use cookies, including cookies from third parties, to enhance your user experience and the effectiveness of our marketing activities. These cookies are performance, analytics and advertising cookies, please see our Privacy and Cookie policy for further information. If you agree to all of our cookies select “Accept all” or select “Cookie Settings” to see which cookies we use and choose which ones you would like to accept.

Соңғы жылдары шаңсорғыштар үлкен өзгерістерге ұшырады. Енді олар әлдеқайда технологиялық, қуатты және пайдалануға ыңғайлы. Қазіргі үлгілер тек тазалау сапасын арттырып қана қоймай, сонымен қатар ақылды функциялармен жабдықталған. Олар үй күтімін бұрынғыдан да тиімді, тез әрі жеңіл етеді. Бұл мақалада біз LG шаңсорғыштарында кездесетін негізгі инновациялық функциялары, яғни жетілдірілген тазалау жүйелері, ақылды басқару, энергия үнемдеу жайында және неліктен мұндай құрылғылар тұрмыста таптырмас көмекші екенін айтамыз.
Жетілдірілген тазалау мүмкіндіктері
Шаңсорғыштардың функционалдығы жаңа деңгейге шықты.Smart Inverter Motor™ инверторлы қозғалтқышы мен Axial Turbo Cyclone™ турбо циклонының үйлесімі арқасында тазалау күші айтарлықтай артты. Сондай-ақ LG шаңсорғыштары тазалау процесін жақсарту үшін көптеген инновациялық мүмкіндіктерді ұсынады.
Бір уақытта құрғақ және дымқыл тазалау. Енді заманауи үлгілер бір уақытта әрі құрғақ, әрі дымқыл тазалауды орындай алады. Бұл шаң мен кірді ғана емес, едендегі дақтарды да тиімді кетіріп, үйіңізге арнайы құрылғыларсыз кешенді күтім жасауға мүмкіндік береді. Мысалы, LG All-In-One A9T-ULTRA2 және CordZero™ A9K-MAX1 щеткасы Power Drive Mopтм щеткасы шаңды жинайды, ал айналмалы дымқыл шүберектер бетті мұқият тазартады.
Қос батарея. Көптеген шаңсорғыш модельдері, соның ішінде LG All-In-One A9T-ULTRA2 және CordZero™ A9K-MAX1 екі ауыстырмалы аккумулятормен жабдықталған. Бірі қуатталып жатқанда, екіншісі жұмыс істей береді. Бұл үлкен үйді үзіліссіз тазалауға мүмкіндік береді. LG моделдері бірден екі батареямен 120 минутқа дейін үздіксіз жұмыс істей алады*.
Ыңғайлы сақтау және зарядтау. LG сымсыз шаңсорғыштары үшін арнайы жасалған ықшам сақтау станциялары құрылғыны жинақы орналастырып, автоматты түрде қуаттайды. Артық сөре мен қосымша сымдарсыз, үйіңіз таза, ал шаңсорғыш әрдайым іске дайын.
Саптамалар мен аксессуарлар. Заманға сай шаңсорғыштарда түрлі беттерге арналған саптамалардың кең таңдауы бар. LG CordZero™ A9K-MAX1 және All-In-One A9T-ULTRA2, жинағында келесі саптамалар бар: жұмсақ жиһаз, жіңішке саңылаулар, үй жануарының жүні мен кілем тазалауға арналған шешімдер. Бұл шаңсорғышты әртүрлі тапсырмаларға бейімдеуге, тазалау нәтижелерін жақсартуға мүмкіндік береді.
Күшті сүзгілер. LG шаңсорғыштарындағы кіріктірілген сүзгілер ауадағы ұсақ шаң мен аллергендерді тиімді сүзеді. Бес сатылы сүзгілеу жүйесі үйіңізді таза ұстап, тыныс алуды жеңілдетеді. Әсіресе аллергиясы немесе демікпесі бар жандарға өте пайдалы.

Ақылды функциялар
Қазіргі шаңсорғыштар өздігінен жұмыс істейтіндей ақылды жүйелермен жабдықталған. Олар күнделікті тазалауды барынша жеңілдетеді.
Шаң жинағышты автоматты тазалау. LG All-In-One A9T-ULTRA2 зарядтау станциясына қосылған сәтте шаң жинағыш автоматты түрде тазартылады. Құрылғыны үнемі бақылап отырудың қажеті жоқ. Бәрі өздігінен тазаланып, сіздің уақытыңыз бен күшіңіз үнемделеді.
Kompressor технологиясы. LG шаңсорғыштарындағы инновациялық Kompressor жүйесі контейнердегі шаңды нығыздап, оның сыйымдылығын арттырады. Шаң жинау көлемі 2,4 есе артады, бұл шаңсорғышты ұзақ уақыт бойы, шаң жинағышты жиі тазаламай-ақ пайдалануға болатынын білдіреді.
Қосымша арқылы басқару: Қазіргі шаңсорғыштар - ақылды үй экожүйесінің бір бөлігіне айнала алады. Мысалы, LG ThinQ қосымшасы арқылы сіз сүзгіні тазалау қажеттілігі туралы, батарея деңгейі туралы хабарламалар ала аласыз, сондай-ақ құрылғының диагностикасын жүргізе аласыз. Қосымшада тазалау журналы сақталады. Қашан, қай жерде тазалау жүргізілгенін бақылап отыруға мүмкіндік береді.

Инновациялық шаңсорғыштардың басты артықшылықтары
Қазіргі заманғы ақылды шаңсорғыштар күнделікті өмірде таптырмас көмекшіге айналды. Олар жоғары өнімділікті, пайдалану ыңғайын және энергияны үнемдеуді біріктіреді. Мұндай үйлесім үйіңізде қиындықсыз мінсіз тазалыққа қол жеткізуге мүмкіндік береді. Автоматты тазарту, қосымша арқылы басқару, құрылғы жағдайын бақылау сияқты ақылды функциялар үй жинауды барынша жеңілдетеді және маңызды істерге көбірек уақыт қалдырады. Бұл құрылғылар тек тазалықты қамтамасыз етіп қана қоймай, үйдегілердің денсаулығына да қамқорлық жасайды.
Ақылды шаңсорғыш - бұл жай ғана тұрмыстық техника емес. Бұл - сіздің өміріңізді жеңілдететін интеллектуалды көмекші.
Инновациялық LG шаңсорғышын дәл қазір ;> LG интернет дүкеніненсатып ала аласыз. LG клубының мүшесі бола отырып, сіз бірқатар бонустарға ие боласыз, оның ішінде 5% жеңілдік беретін сәлемдесу купоны, тұрақты 2% жеңілдік, сондай-ақ барлық жабдықты тегін жеткізіп[1] кейбірін тегін орнату. Сатып алу кезінде кез келген картаны, Kaspi QR не Apple Pay сервисін қолдануға болады, сондай-ақ артық төлемсіз 24 айға дейін бөліп төлеу, тауарды алған кезде қолма-қол ақшалай төлеу қолжетімді.
* LG компаниясының ішкі сынақ нәтижелеріне сәйкес шаңсорғыштың әртүрлі режимдердегі (Қалыпты, Жоғары қуат және Турбо) жұмыс уақыты тиісінше 120, 60 және 14 минутқа дейін жетеді. Көрсетілген уақыт тек екі батарея қолданылған жағдайда жарамды. Біреуі құрылғыда, екіншісі зарядтау станциясында қуатталады. Егер тек бір батарея қолданылса (зарядтау тек зарядтау станциясы арқылы жүргізілсе), жұмыс уақыты 60, 30 және 7 минутқа дейін қысқарады. Сынақтар бөлме температурасында (26℃, 78,8℉), Wi-Fi қосулы күйде және ешқандай саптама қолданылмай жүргізілген.
** LG және Intertek компанияларының ішкі сынақ нәтижелеріне негізделген. A9 Kompressor™ үлгісінің шаң жинау контейнерінің сыйымдылығы Turbo режимінде тексерілді. Мейн-кун тұқымды мысықтың жүні бірнеше рет қолмен сығылып, контейнердің толық сыйымдылығына жеткенше толтырылды. 2,4 есеге қысу тиімділігі — сығылған және сығылмаған жүктердің (бірдей көлемдегі) салмағын салыстыру арқылы есептелген. Нақты сыйымдылық (қысу тиімділігі) пайдалану жағдайларына байланысты өзгеруі мүмкін.
[1]Таңдаған жабдық моделі бойынша оны тегін орнату қызметінің бар-жоғын біліп, қосымша ақпаратты интернет-дүкенінің сайтындағы “Жиі қойылатын сұрақтар” бөлімінен табасыз LG.kz.
