Тоңазытқышты қалай таңдаған дұрыс?

Тоңазытқышты қалай таңдаған дұрыс?

17/10/2024


Жаңа үйді жайғастыру кезіндегі алғашқы сатып алынатын дүние -бұл сыйымды, ыңғайлы және заманауи тоңазытқыш. Тоңазытқышты таңдауға туралы сөз қозғалғанда, бірнеше негізгі параметрлерді ескеру қажет: көлемі, типі, энергия тұтынуы және азық-түлікті анағұрлым ұзақ уақыт балғын күйде ұстауға көмектесетін заманауи технологиялардың болуы. LG тұрмыстық техника нарығындағы көшбасшылардың бірі ретінде өзіне инновациялық технологияларды, стильді дизайнды және энергия тұтыну тиімділігін біріктіретін модельдердің кең ауқымын ұсынады. Бұл мақалада біз үлкен отбасыларға арналған модельдер болсын немесе шағын пәтерлерге арналған неғұрлым ықшам болсын, сапалы тоңазытқышты қалай таңдауға болатынын қарастырамыз.

 

Өлшемі және көлемі: нені ескеру керек

 

Таңдаудың бастапқы критерийлерінің бірі - тоңазытқыштың мөлшері мен ішкі көлемі. Сатып алмас бұрын ас үйдегі бос орынды өлшеп, таңдалған модель қозғалуға, есіктердің ашылуына немесе жиһаздың басқа элементтеріне кедергі келтірмейтініне көз жеткізген жөн.

3-4 адамнан тұратын отбасыға көлемі 300-ден 400 литрге дейінгі тоңазытқыш оңтайлы таңдау болады. Егер сіздің отбасыңызда адам саны көбірек болса немесе тамақ көп дайындайтын болсаңыз, көлемі 500 литрден асатын модельдерді қарастырған жөн. Мысалы, адам саны көп отбасына ыңғайлы болу үшін LG GC-X257CAEV Side-by-Sideесікті ашпай-ақ құрылғының ішіне қарауға мүмкіндік беретін InstaView технологиясы бар көлемі 617 л модельдерді ұсынады.

 


LG тоңазытқыштарының типі

 

LG тоңазытқыштардың бірнеше типін ұсынады, олардың әрқайсысының өзіндік артықшылықтары бар:

- Төменгі мұздатқыш камерасы бар және жоғарғы мұздатқыш камерасы бар модельдер. Бұл тоңазытқыш пен мұздатқыш камерасына бөлінген классикалық модельдер. LG көптеген отбасыларға жарамды модельдердің кең таңдауын ұсынады. Мұздатқыш камера қалауыңыз бойынша үстіңгі және астыңғы жағында болуы мүмкін. Мысалы GR-H802HMHL модельде күнделікті қолдануға ыңғайлы мұздатқыш жоғарғы жағында орналасқан. Мұздатқыш камерасы төменде орналасқан тоңазытқышты пайдаланғысы келетіндер үшін сыйымды әрі стильді GC-B509SMSM моделін қарастыруды ұсынамыз.

- Side-by-Side тоңазытқыштары. Үлкен ас бөлмелер үшін LG Side-by-Side типті модельді ұсынады. Оларда тоңазытқыш пен мұздатқыш камералары қатар орналасқан, осы нұсқа мұндай тоңазытқышты сыйымды әрі ыңғайлы етеді. GC-B257SMZV – моделін қарастырып көріңіз - мұндай тоңазытқыш үлкен отбасының мол азық-түлік қорын оңай сидырады, ал LinearCooling™ және DoorCooling™ технологиялары азық-түлікті ұзақ уақыт бойы балғын күйде сақтауға көмектеседі.

- Көп есікті тоңазытқыштар. Әрине үлкен отбасы LG InstaView door-in-Door көп есікті тоңазытқыштарын ұнатады – мысалы GC-Q22FTBKLмоделі. Қосымша есіктер басқа бөлімдерді азырақ ашуға мүмкіндік береді, бұл салқын ауаны іште ұстап тұрады және энергия шығынын азайтады.

- Objet Collection тоңазытқыштары. Әдемі дизайны мен ауыстырылатын панельдері бар стильді премиум модельдер сіздің ас үйіңізге әсемдік береді. Бұл тоңазытқыштарда LG компаниясының барлық озық технологиялары қамтылған. Кез келген ас бөлмеге стильді нұсқасын ұсынатын GR-X24FQEKM және GC-B509QG9M, модельдеріне зер салыңыз.

- Бір камералы тоңазытқыштар. Бұл модельдер шағын пәтерлер немесе саяжайлар сияқты ықшам шешімді қажет ететіндер үшін өте қолайлы. Мысалы LG Objet Collection GC-B401FEPM тоңазытқыш камерасы мұздатқыш камерадан бөлек орналасуы мүмкін. Осы ретте екі құрылғы бір-біріне тәуелсіз жұмыс істейді.

 


Энергия тиімділігі және балғындықты сақтау технологиялары

 

LG өз тоңазытқыштарының энергия тиімділігіне ерекше көңіл бөледі. Бұл электр энергиясын үнемдеу үшін де, қоршаған ортаға қамқорлық жасау үшін де маңызды. LG модельдерінің көпшілігінде А және одан жоғары энергия тұтыну класы бар, бұл электр энергияны аз тұтынатынын білдіреді. Ақылды инвертор компрессорының арқасында LG тоңазытқыштары бірсарын және дыбыссыз жұмыс істейді, күрт қосылып, тоқтап қалмайды, үйде жайлылық пен тыныштықты қамтамасыз етеді..

LG модельдерінің көбісінде оңтайлы ылғалдылықты сақтайтын, «сергіту аймағы» деп аталатын жемістер мен көкөністерді сақтауға арналған арнайы бөлімдер бар.Бұл азық-түлікті ұзағырақ балғын күйде ұстауға мүмкіндік береді және олардың тез солып қалуына жол бермейді.

Сонымен қатар, LG тоңазытқыштарында бактерияларды азайтуға және тоңазытқыштың ішіндегі жағымсыз иістерді жоюға көмектесетін Hygiene Fresh технологиясы бар.

 

Үйге тоңазытқышты қалай таңдаған жөн

 

Үйге анағұрлым қолайлы тоңазытқышты таңдау үшін келесі факторларды ескеріңіз:

  • Бюджет. Сатып алмас бұрын бюджетіңізді анықтаңыз. LG қол жетімді екі камералы тоңазытқыштардан бастап жетілдірілген функциялары бар Side-by-Side премиум модельдеріне дейін кез келген бюджетке арналған модельдерді ұсынады.
  • Отбасы қажеттілігі.Сізге іс жүзінде қанша орын қажет екенін бағалаңыз. Үлкен отбасылар үшін көлемі 500 литр немесе одан да көп үлкен модельдер қолайлы, ал шағын пәтерлер немесе қайталама пайдалану үшін (мысалы, елде ) ықшам түрлерін таңдауға болады.
  • Қосымша функциялар. Өзіңізге қажетті болатын функцияларды ойластырыңыз. Егер сіз жиі тамақ пісірсеңіз немесе мұздатылған тағамдарды көп сақтасаңыз, мұздатқыш камерасы үлкен және жылдам еріту функциясы бар модельді таңдаңыз. Жаңа піскен көкөністер мен жемістерді ұнататындар үшін — сергіту аймақтары мен ылғалдылықты бақылау функциясы бар модельдер ұсынылады.

 

LG тоңазытқыштары сапасы, өнімділігі және әртүрлі модельдерінің арқасында танымал болып қала беруде. Өз қажеттіліктеріңіз бен бюджетіңізді ескеріп, сіз тоңазытқыштың мінсіз моделін таба аласыз, ол сізге көп жылдар бойы қызмет етеді және азық-түліктің балғындығын жоғары деңгейде сақтайды.

 

Жаңа тоңазытқышты дәл қазір LG интернет-дүкенінен сатып ала аласыз. LG клубының қатысушы болып, сіз 5% жеңілдікке Құттықтау купонын, тұрақты 2% жеңілдікті, сондай-ақ техниканы тегін жеткізуді және кейбір модельдерді[1] тегін орнатуды қоса алғанда бірқатар бонустарға ие боласыз. Карталармен, Kaspi QR және Apple Pay төлемдерімен, сондай-ақ артық төлемсіз 24 айға дейін бөліп төлеу опциялары қолжетімді, сондай-ақ тауарды алған кезде қолма-қол ақша төлеуге болады.

 

 

 

Сіздің техника ақысыз орнатылатынын, әлде ақылы орнатылатынын білу үшін толығырақ ақпаратты LG.kz интернет-дүкені сайтындағы “«Жиі қойылатын сұрақтар”бөлімінен біле аласыз LG.kz.