We use cookies, including cookies from third parties, to enhance your user experience and the effectiveness of our marketing activities. These cookies are performance, analytics and advertising cookies, please see our Privacy and Cookie policy for further information. If you agree to all of our cookies select “Accept all” or select “Cookie Settings” to see which cookies we use and choose which ones you would like to accept.
Үй техникасы күнделікті өмірімізді айтарлықтай жеңілдетіп, түрлі жұмыстарды ыңғайлы әрі қолайлы орындауға көмектеседі. Алайда бұл құрылғылар ұзақ әрі тиімді қызмет етуі үшін оларды тұрақты түрде күтіп, дұрыс пайдалану қажет. Дұрыс қолданбау немесе күтімнің жеткіліксіздігі ақауларға, өнімділіктің төмендеуіне, тіпті күрделі техникалық ақауларға әкелуі мүмкін. Көп жағдайда тұрмыстық техниканы дер кезінде тазалап отыру оған кететін шығынды азайтуға мүмкіндік береді. Төменде өмірдің әртүрлі жағдайларына арналған тұрмыстық техниканы күтіп-баптауға қатысты негізгі кеңестер мен ұсыныстар берілген.

> 1-кеңес. Тоңазытқышты тұрақты түрде тазартыңыз
Тоңазытқышқа күтім жасау ішіндегі өнімдердің жарамдылық мерзімін үнемі қадағалау, ластануларды жою және жағымсыз иістердің алдын алу дегенді білдіреді. Тоңазытқышты кем дегенде әр екі айда бір рет тазалау ұсынылады: ескі тағамдарды алып тастап, сөрелер мен қабырғаларды су мен сірке суының қоспасымен сүртіп отыру керек. Бұл жағымсыз иістердің пайда болуына жол бермей, тағамның ұзақ уақыт бойы балғын қалпында сақталуына көмектеседі. LG Magazine мақаласынан сіз тоңазытқыштағы тазалық пен балғындықты сақтаудың тиімді тәсілдері мен толық нұсқаулығын таба аласыз.
2-кеңес. Кір жуғыш машинаның күйін бақылап отырыңыз
Кір жуғыш машинаға күтім жасау барабанды, сүзгіні, су ағызу шлангысын және тығыздағыш резеңкені тұрақты түрде тексеріп, тазалап отыруды қамтиды.
Кейбір кір жуғыш машиналарда барабанды тазалау функциясы арнайы бағдарламаланған. Мысалы, LG AI DD кір жуғыш машиналарында, F4V5VG2S моделінде , LG AI DD кір жуғыш машиналарында барабанды тазалауға арналған дайын режим орнатылған. Тек сол режимді таңдау жеткілікті – құрылғы барабанды өзі толық әрі мұқият тазартады. Нұсқаулықты қараңызLG Kazakhstan YouTube арнасында LG кір жуғыш машинасында барабанды тазалау циклін қалай іске қосу керектігі көрсетілген.
Су ағызатын шланг зақымдалмаған, сынбаған немесе қатпарланып қалмаған болуы керек. Қалтада ұмыт қалған ұсақ заттар, түйме немесе тиын сияқты бөлшектер сүзгі арқылы шлангқа түсіп кетіп, нәтижесінде кір жуғыш машинадан су ақпай қалуы мүмкін. Сондықтан кір жуғыш машинаның барлық бөліктерін үнемі тексеріп, тазалығын қадағалап отыру маңызды.
3-кеңес. Микротолқынды пешке күтім жасау

Микротолқынды пештің дұрыс жұмыс істеуі үшін оның қабырғаларындағы тазалықты қадағалау маңызды. Азық-түліктен шашыраған майлы дақтар қабырғаға жабысып, дақтар мен жағымсыз иіс тудырады. Пешті лимон, сірке суы немесе сабынды ерітінді арқылы тазалауға болады. Ол үшін бұл ерітінділермен микротолқынды пештің ішкі бетін жұмсақ губкамен жүйелі түрде сүртіп отыру жеткілікті.
Микротолқынды пештерге шолу жасалған мақалада LG-дің әртүрлі микротолқынды пештерімен танысып, бүкіл отбасыға арналған ас үй көмекшісін таңдай аласыз.
> 4-кеңес. Шаңсорғыштың сүзгілерін тазалауды ұмытпаңыз
Шаңсорғыштың сүзгілерін үнемі тексеріп, тазартып отырыңыз, сондай-ақ қажет болған жағдайда шаң жинайтын қапшықтарды ауыстырып не шаң контейнерін босатып тұрыңыз. Бұл құрылғының тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етіп, оның қызмет ету мерзімін ұзартады.
5-кеңес.Кондиционерлердің де күтімді қажет ететінін ұмытпаңыз
Кондиционер белсенді пайдаланылатын кезеңде оның сүзгілерін ай сайын тазалап немесе ауыстырып отырыңыз. Кейбір кондиционерлер, мысалы, LG маркалы үлгілер, сүзгілерді тазалау қажеттілігі туралы ескерту функциясымен жабдықталған, Ауаны тазарту функциясы бар LG DUALCOOL кондиционерінде ішкі тазалық өздігінен сақталады – құрылғы ішкі блоктағы ылғал қалдықтарын автоматты түрде жояды. Бөлмедегі ауаның таза қалпын ұстау үшін кондиционерге тұрақты күтім жасау қажет.
6-кеңес. Ыдыс жуғыш машинаны қақтан тазартып отырыңыз
Құрамында кальций мен магний сияқты еріген минералдардың жоғары мөлшері бар қатты судың әсерінен ыдыс жуғыш машинаның ішінде қақ түзілуі мүмкін. Жуу циклі кезінде су қызып, бұл минералдар машинадағы әртүрлі бөліктерге – қыздырғыш элементтерге, саптамаларға және ішкі беттерге шөгіп, жиналады. Мұндай тұнбалар құрылғының бұзылуына әкелуі мүмкін, сондықтан оларды дер кезінде тазартып отыру маңызды. Ыдыс жуғыш машинаны қалай тазалау керектігі туралы толық нұсқаулықпен мына жерден таныса аласыз “Ыдыс жуғыш машинаны қалай тазалау керек?” атты мақалада .
7-кеңес. Телевизорлар мен басқа да экрандардың тазалығын сақтап отырыңыз
Телевизорлар мен мониторлардың экрандарындағы шаң мен саусақ іздерін кетіру үшін оларды жұмсақ, құрғақ микрофибра матамен сүртіңіз. Бетті зақымдауы мүмкін күшті химиялық құралдарды қолданудан аулақ болыңыз.
8-кеңес. Нұсқаулықтарды орындаңыз
Әр құрылғыға арналған пайдалану және күтім нұсқаулығын өндіруші ұсынған тәртіпке сай орындаңыз. Бұл ақаулардың алдын алуға және техниканың қызмет ету мерзімін ұзартуға көмектеседі.
9-кеңес. Сымдар мен розеткаларды үнемі тексеріп отырыңыз
Электр сымдарында және розеткаларда зақым бар-жоғын үнемі тексеріп тұрыңыз, қажет болса — ауыстырыңыз. Зақымдалған сымдар қысқа тұйықталуға немесе өртке себеп болуы мүмкін.
10-кеңес. Электр құрылғыларын шамадан тыс жүктемеңіз
Техниканың дұрыс жұмыс істеуі көбіне оны ұқыпты пайдалануға байланысты. Электр құрылғыларын шамадан тыс жүктемеңіз және қарқынды қолданғаннан кейін салқындауына уақыт беріңіз. Бұл әсіресе кір жуғыш машина мен шаңсорғыш сияқты қозғалтқышы бар құрылғылардың қызып кетпеуі және бұзылып қалмауы үшін маңызды.
Техниканың күтімі қымбатқа түспеуі және көп күш жұмсауды талап етпеуі тиіс. Ең бастысы – құрылғыларға дер кезінде күтім жасап отыру. Өйткені тұрмыстық техниканың дұрыс күтімі оның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етіп, қызмет ету мерзімін ұзартады. Жоғарыда берілген кеңестер сүйікті құрылғыларыңыздың ұзақ әрі сенімді қызмет етуіне қолайлы орта қалыптастыруға көмектеседі деп сенеміз.
